Өзекті жан

lat: Ózekti jan.

бейн. Бойында жан бар тірі адам.

«Қашқын», «жан кешті» дегенмен ол да өзекті жан, адам баласы емес пе?» (Ә. Омарбаев, Кәрлен кесе).

Мүмкін, өзекті жанның бәріне де тән қорқыныш жайлы ойлай ма екен? (Қ.Бектұрғанов, Бабаназар терегі).

Ең болмаса, ит жығыс түсейін деп өнер сатып, бедел сатып, абырой сатып қанша тайталасқанмен бәрібір жеңілмей қоймайтын өзекті жанның уақыт алдындағы жалғыз ұтысы ұрпақ қана (Ә.Кекілбаев, Шығ.).